Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухана салынуда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Медициналық орталықтың жалпы көлемі 156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.