Wifi Bus Astana қызметімен 1 миллионнан астам адам пайдаланған
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 шілдесінде Астанада Wifi Bus Astana пилотты жобасы іске қосылған болатын. Соның негізінде қаланың қоғамдық көліктері тегін интернетпен қамтамасыз етілді. Аталмыш жоба Астана қаласы әкімдігімен бірлесе жүзеге асырылған. Жоба аясында барлық қала автобустары қамтылды, олардың жалпы саны 550 дананы құрайды.