Алматыдағы «Саялы» ықшам ауданында биыл 2138 пәтер тұрғындарды қабылдайды - А. Мапаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданында жаңадан салынып жатқан 3270 пәтерлік «Саялы» ықшам ауданының бес қабатты 63 тұрғын үйі, яғни 2138 пәтері биыл пайдалануға беріледі. Пәтерлердің шаршы метрі - 120 мың теңгеден есептелді. Бұл туралы бүгін Алматыда журналистерге берген сұхбатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Мапаев мәлімдеді.