Беларусь бірқатар көршілес елмен шекараны жапты
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Көршілес мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Беларусь елі жерүсті транспортымен өз аумағына кіруді уақытша шектеді. Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.