Ақтөбеде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында су құбырлары жөнделеді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша іске асырылуда. Бағдарлама аясында 4 білім беру нысаны, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен тұрғын үй нысандары салынбақ. Жұмыстың жалпы сомасы - 3,93 млрд теңге.