Қырғызстан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде гидроэнергетикалық әлеуетін паш етпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан үшін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысудың маңызы аса зор, деді Қырғызстанның вице-премьер-министрі Валерий Диль «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындығы жөніндегі кеңес барысында, деп хабарлайды kabar.kg.