Орал қаласының әуежайы жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Орал қаласының халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдауын тоқтатады. Шамамен 15 қазанға дейін Батыс Қазақстан өңірінің тұрғындары мен қонақтарына Атырау арқылы ұшуларына тура келеді. Яғни, автобустар жолаушыларды Атырау әуежайына дейін және кері тасымалдайды.