Әбу-Дабиде Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ахмед Жұма аз-Зағабимен кездесіп, Қазақстан мен Әмірліктер қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдету төңірегінде пікір алмасты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.