Түркістанның бес ауданында әлеуметтік инфрақұрылым дамитын болды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының оңтүстік аймағында орын тепкен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарын су, газбен жабдықтау және білім нысандарын салу үшін келесі жылы 10 жоба іске асырылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 16 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы осы аймақтағы жұмыстарды қадағалауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.