Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысы. (Білім беру жүйесі бойынша өткен кездесу)
Түркия мен Қазақстан арасындағы ұлтаралық келісім мен халықаралық салтанаттың негізі ретіндегі екі ел арасындағы байланыстарын жеткізуге көзделген кездесу.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті студенттерімен (ұйымдастырушылар Г.Қозғамбаева, А.Бейсегулова) онлайн форматында Кыршехир Ахи Эврин университеті Экономикалық және басқару білімдері факультетінің деканы, Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі профессор Нұр Четинмен кездесу болып өтті.
Кезінде бір тамырдан өсіп-өніп, кейіннен Сыр Ана сағасында енші алысқан бүгінгі түрік халқы мен қара шаңырақ – атажұртта қалған қазақ халқының тарихы тереңде.
Түркияның Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1933 жылы 29 қазанда тәуелсіз Түркия Республикасының келешегі туралы ой қорытты. «Бүгін Кеңес Одағы – досымыз, одақтасымыз. Алайда ертең не боларын бүгін кесіп ешкім айта алмайды. Дүние жаңа тепе - теңдікке ұласуы мүмкін....