Шымкентте жыл басынан бері 28605 сәби дүниеге есігін ашқан
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Тәуелсіздік күні перинаталдық орталықта босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мейрам күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды арнайы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.