Коронавирустың алдын алу үшін көбірек қозғалып, таза ауада серуендеген жөн - эпидемиолог
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы емханасының дәрігер-эпидемиологы Айдана Дарбекова коронавирус инфекциясының өсуіне не себеп болуы мүмкін екенін түсіндіріп, вирустың алдын алуға көмектесетін ақыл-кеңесін айтты.