Ақынның ақырғы күндері
Соңғы айларда дүние асты-үстіне шығып, мидай былығып кетті. Бастан кешіріп жатқаның реалды өмір ме, әлде көрген түс пе, ажыратудың өзі киын. Әлде бүл осынау пәнимен параллель, қатар өтіп жатқан басқа бір уақыт иіріміне түсіп кетті ме? Бәлкім, бұл әлдеқашан өліп, мына көріп жүргені — тозақтың өзі шығар? Еш нәрсе айқын емес. Ойлай-ойлай сана да сарқылған. Үміт үзілген. Бастабында ғайыптан бір ғаламат күш келіп, құтқаратындай көрінуші еді, өлеусіреп барып, ол да өшіп тынды.
Ақын ор еді, тәкаппар еді. Көрген адамның көзі тояр сымбатты еді. Қазір содан жұрнақ та қалған жоқ. Қыры сынып болған. Абақтының алғашқы күндері осындай қыр сындыруға, тұтқынды кісілік...