Тұл махаббат
Бұлай болар деп кім ойлаған. Ойға алған шаруаларын қапысыз тындырып, бірнеше келісім-шартқа қол қойып, енді қалған екі-үш күнде Шанхай қаласын армансыз аралармыз деп, арқаларын кеңге салған жігіттер бес жұлдызды қонақүйде шалқалап жатқан-ды. Аяқ астынан жетіп келген жеделхат ол жоспарды бұзып, кәсіпкер Бақтиярды естен тандыра жаздады. Қаралы хат қысқа жазылыпты: «Тез елге қайтыңыз. Зайыбыңыз Гүлсім ойламаған жерден қайғылы қазаға ұшырады. Қайғыңызға ортақпын. Жерлеу алдағы сәрсенбіде» депті жеделхат жолдаған орынбасары Медеубай.
Таңғы ұйқыдан әлі толық оянбаған Бақтияр басында ештемеге түсінбей мәңгіріп қалды. Не дейді мына сұмдық хат? Осыдан бір апта бұрын, бұлар елден аттанарда сап-сау жүрген Гүлсімге не болды екен? Иә, айтпақшы,...