Тереза дәрігер болғанда
— Жоқ, жоқ, бикеш, мен сізге айттым ғой, доктор бүгін енді жұмыс істемейді. Кете беруіңізге болады.
Катриннің бұл сөздерін естіген доктор Элизе Шварц бөлмеден басын шығарып және әйеліне көз салмастан хатшысына сөйледі:
— Бір минуттан соң сізді шақырамын. Және есіңізде болсын, бұл жерде сіз тек менің әмірімді ғана орындайсыз.
Парпен бикештің оқты көзбен қарағанына шыдап, Катрин Шварц жымиды да қолына кітап алып, балконның есігіне келді. Терезе қақпағы айқара ашық еді; су бұлардың жетінші қабаттағы пәтерінің кең балконы арқылы жылжып ағып жатты; доктордың кабинетін жарқыратып тұрған люстраның жарығы жылтырап жатқан жаңбыр жылғаға түсті. Катриннің көздері бір сәт сопақша жарық даққа —...