Қарт сеньора
1941 жылдың он төртінші қаңтарында Мария Хустина Рубид де Хауреги жүзге толды. Ол Тәуелсіздік жолында күрескендердің бірден-бір көзі тірі ұрпағы еді.
(новелла)
1941 жылдың он төртінші қаңтарында Мария Хустина Рубид де Хауреги жүзге толды. Ол Тәуелсіздік жолында күрескендердің бірден-бір көзі тірі ұрпағы еді.
Оның әкесі полковник Мариано Рубио артық-кемі жоқ "Кіші Азат етуші" деп атауға лайықты адам-тұғын. Буэнос-Айрес провинциясындағы малшының отбасында Мерсед округінде туған ол Анды әскерінде альферес шеніне дейін көтерілді. Чанабукода шайқасып, Канча-Раяда түбіндегі қайғылы ұрыстарға, Майпа маңындағы, екі жылдан соң Аренипадағы қантөгіске қатысты. Сол қырғынның қарсаңында Хосе де Олаввариямен семсерін айырбастапты деген қауесет те бар. 1823 жылдың сәуір айының басында Серро-Альто түбіндегі атышулы соғыс болған. Шайқас жазық далада өткендіктен, оны - Серро-Бермехо түбіндегі соғыс деп те атайды. Біздің ерліктерімізге...