Ажалсыз
Сүлеймен патша айтыпты: "Жер бетінде жаңадан туған түк те жоқ". Оны Платон былайша толықтырыпты: "Кез келген білік өткенді еске түсіруден басқа түк те емес".
(новелла)
Сүлеймен патша айтыпты: "Жер бетінде жаңадан туған түк те жоқ". Оны Платон былайша толықтырыпты: "Кез келген білік өткенді еске түсіруден басқа түк те емес".
Демек, жаңаның бәрінің ұмытылған, ескі нәрсе екені туралы данышпандық ой Сүлейман патшаға тиесілі.
(Френсис Бекон "Тәжірибелер". LVIII).
1929 жылдың маусым айында Лондонда Смирнадан шыққан антиквар Жозеф Картафил, Княгина Люсенжге Поптың (1715-1720) көлемі кіші ширек "Илиадасының" алты томын сатып алуды ұсыныпты. Кітаптарды сатып алған княгина антиквармен бірер ауыз тілдеседі. Княгиня оны шөлейт жердей қуарған, тозған, сұр көзді, сұрша сақалды, бет-жүзін есте сақтау қиын адам еді дейді. Әр тілде оп-оңай сөйлей салады. Алайда көбін қате айтады. Ағылшыншадан...