Ерекше бәсеке
Адроге кварталындағы жазғы бір кеште уругвай жазушысы Карлос Рейлестің ұлының маған осы оқиғаны айтып бергеніне де әжептәуір уақыт болды. Өшпенділіктің ұзын-сонар тарихы мен оның қорқынышты ақыры менің санамда эвкалипттің дәріханаға тән иісі мен құстар даусы түрінде ұялапты.
(новелла)

Әдеттегідей біздің әңгімеміз екі елдің быт-шыт араласқан тарихы туралы болды. Рейлес менен: "Өз заманының аты мәшһүр ер жүрек сабазы, көңілді жігіт Хуан Патрисио Нолане туралы естіп көріп пе ең", деп сұраған. Мен өтірік "естігем" дей салдым. Нолан тоқсаныншы жылдары көз жұмса да, көптеген адамдар оны әлі күнге дейін дос-жар ниетпен еске алып тұрады. Сондай-ақ, оны жек көретіндер де табылатын. Рейлес оның қисапсыз...