Қостанайлықтар биыл қала күнін ерекше қарсы алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атаулы мерекені қала тұрғындары бұл жолы «Бигфут-шоумен» қарсы алды. Облыс орталығындағы стадионда Еуропа елдері мен Ресейден келген биіктігі 3 метрден асатын алып машиналар өнер көрсетті. «Бигфут-монстр» деп аталатын алып көліктің бір доңғалағының өзі 330 келі болады. Олар кедергілер арқылы секіріп, түрлі акробатикалық қимылдар жасап, көрермендерді еріксіз таңдай қақтырды.