Се ля ви
— Ей!
Ерке үн көк шатырлы тир жақтан созақтай жеткен әнді шорт үзді. Портфелін сүйретіп, басы салбырап келе жатқан Мәмбет өз ойымен өзі. Ән жалғаса берді. «Алматының ақ түні, Алматының ақ түні... Алматы қайда, ақ түн қайда. Япырмау, Алматы Ленинград емес қой!» Мәмбет тир жаққа арнайы бұрылып, жаман көзімен қарады.
Көңіл күйі ашыған сүттей іріп келе жатыр.
Бүгін шешесінен орысша жазылған, әріптері ірі-ірі хат келді. Оң қолының білезігі ісігі, облыстық ауруханадан бір-ақ шығыпты. Дәрігер сүйек туберкулезі деп тауыпты. Бері алғанда төрт-бес ай емделуі керек. «Доктора говорят, что организм сильно ослабел. Придется отлеживаться до середины лета. Не беспокойся, сынок, учись как...