Бақбақ басы толған күн
Жұмсақ алақан басымнан, бетімнен сипады. Бұл Күләш, ұзын сирақ класком қыз Күләш қой. Сен қайдан жүрсің, Күләш? Қайтадан дос болғың келе ме? Ал анау жолы неге бұрылып кетіп қалдың? Тағы ап-ауыр портфеліңмен соқпақшы болдың. Ендеше жолдасты басқа жерден тауып ал, мен сенімен бірге мектептен қайта қоймаспын. Солай, қайтпаймын деген соң қайтпаймын.
повесть
— Тұр, Заманбек, тұра ғой.

Салтанатты музыка ойналды. Ол жүрегімнен шымырлап шығып жатыр.
— Қайырлы күн, жолдастар! Бүгін күн жексенбі. Алматы уақыты таңғы сағат алты.
Мәссаған, Күләшқа не болған? Смирно ағайдың жуан, тарғыл даусымен Қапшағай электростанциясының салынып біткендігін маңыздана нақыштап айтады. Мүмкін, ағайды мазақтап тұрған шығар? Ой, сіз...