Бейуақта жанған от
Махмұдтың:
— Ақсақал, сәл кідіріңіз. Бітірейік мына әңгімені, — деп, шалғайына жармасқанына қарт қайырылған жоқ. Торы төбелдің бауырын орай қамшыны бір тартты да, борт-борт желіп, жөнеле берді.
— Ал түсініп көріңіз, — деді өкіл қыз Махмұдқа қайтадан бұрылып. — Үлкен кісі ғой деп сыйлап, кішірейеміз келіп. Сондағысы мынау.
Керзі етігінің ұшымен жас көңді сызғылып, өрнек салып тұрған қарасұр өңді, таңқы танау жігіт басын көтеріп алды да:
— Қайтесіңдер босқа әуре болып? Неткісі келмесе... татуласқысы келмесе, өзі білсін, — деп жан-жағына алаңдай қарады. Қарапайым шопанның қайырылмай кеткеніне сәл-пәл қапаланып қалған Махмұд былғары кеудешесінің өңіріне жұққан қылшықты шертіп жіберді де, жасанды тісін...