Риэлторлардың қызметі қаншалықты заңды?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда риэлторлық қызметпен айналысатын 2 000 компания болса, оның тек 15-інде ресми сертификат бар болып шықты. Ал ірі келісімдер жасайтын мамандардың жүзден бірі ғана арнайы жоғары білім алған. Бұл - Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы берген мәліметтер, деп жазады khabar.kz.