Ақпандағы мысықтар
Кейінгі күндері Шуақты кентінің тұрғындары мауыққан мысықтардың жан түршіктіре шыңғыратын дауыстарынан шошып оянатынға айналды. Үй-жайлары басқашалау бәдізделген «Шалғын» мөлтек ауданының адамдары үшін бұрнағы жылы ашылған базар шуы да, Дарабоз батыр даңғылымен күні-түні, ерсілі-қарсылы ағылатын темір көлік шуылы да, тіпті таяқ тастам тұстағы шойын жолдың тарсыл-гүрсілі де, түп-түгел нәніпәтір еді. Алайда, ақпан айы бастала бере, қас қарайып, тұманытқан түннің етегі еркін қымтап үлгермей жатып-ақ тұс-тұстан құлақ тұндыра үн қосатын мысықтар аза бойды қаза қылатын болды.
Осы жағдаятқа байланысты алғаш әңгіме айтылғанда, «Зайып» фирмасының президенті миығын түрткен мысқылды сұқ саусағымен басқан-ды. Ал, «Шалғын» мөлтегіндегі үйіне қонып шыққан күннің ертесіне өзінің досына, қала...