Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.