Qazaq time: Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йоркте қазақ радиосы іске қосылды. Нақты айтқанда, «Freedom FM» радиосы күнделікті 2 сағатты қазақ тіліндегі жаңалық пен музыкаға арнайды. Осы орайда АҚШ-та «Qazaq time» радиосы қалай пайда болғаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне оның негізін қалаушы әрі радио жүргізушісі Данияр Қожан айтып берді.