Қазақстанда ТМД елдерінің ядролық авария кезінде өзара көмек көрсету туралы келісімі ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.