Қарағанды облысында биыл алты жаңа өрт сөндіру бекеті пайда болады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында өрт сөндіру бекеттері іске қосылады. Үш жыл ішінде 20 жаңа құрылым құру жоспарлануда, онда ерікті өрт сөндірушілер кезекшілік атқарады. Олар мамандарға көмектеседі. Бұл туралы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.