Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
![Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_318877/thumb_b/photo_78169.jpeg)
Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2021 жылы 5 ақпанда "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры лауазымына үміткерлердің кандидатураларын қарап, 6 ақпанда Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!