Алматыда сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған азамат іздестірілуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Променад» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы полицияға хабарлаған белгісіз азамат қазір іздестіріліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қ. ІІД баспасөз хатшысының жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлім етті.