Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл!
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Мұқағали Мақатаев осыдан 90 жыл бұрын, қақаған қыста, ақпан айының 9-шы жұлдызында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Мұхаметқали. Дегенменде пайғамбардың аты аталатын бұл есімді жеңгелері атауға жүрексініп, Мұқағали деп атап кеткен екен. Кейіннен ақынның өзі де "бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, алып жүре алам ба деп" төлқұжатына Мұқағали деп жазғызып алған еді.
Мұқағалидың балалық шағы 30-жылдардың ашаршылығы мен 41-ші жылдың нәубетіне сәйкес келеді. Әкесі Сүлеймен соғысқа аттанып, сол кеткеннен оралмайды. Әкесі қарапайым шаруа адамы болған. Ол жастайынан әдеби шығармаларға ерекше қызығушылық танытып, 14-15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Ол қазақ...