Тәуелсіздік пен Ұлттық идеяның сабақтастығы
Тәуелсіздік таңының атқан күні барша қазақтың жан дүниесі нұрға шомылып, көздерінен еріксіз ащы жастың тамғаны анық. Тәуелсіздік оңай жолмен келмеді.
«...Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап...»
Қасым Аманжолұлы
«Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» деп ұрандатып, халықты бейбіт жолмен басып ала отырып, өз аумағын кеңейтіп отырған қазақ халқын мықты дипломат хандар басқарды. Бейбіт заман, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп – Қазақ хандарының, соның ішінде, Есім, Қасым, Тәуке хандардың елді басқаруға арналған заңдарды шығаруы – ұлттың бірқалыпты, ұйымдасқан, салт – дәстүрі сақталып, адами құндылықтардың кіругіне, ұлттың болмысын сақтап тұруына елеулі себеп болды.
Қазақ халқының ұлт ретіндегі қалыптасу тарихы шумер – акад...