Қорқыт пен Баласағұн жырларындағы әйелдер бейнесі
Өткенге көз жіберіп, тарих беттерін парақтасақ, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген абзал аналарымызбен қоса ерлермен тізе қосып елін қорғаған ару қыздарымыздың ерліктері еріксіз таң қалдырады. Ақын-жазушылардың музасына айналған ақылына көркі сай терең ойлы, батыр қыздар ел үшін аз ерлік жасамады. Тағдыр тауқыметіне мойынсұнбай, өмір қиындығымен күрескен көзсіз ерлік көрсетер Әйел-Ана тақырыбы Қорқыт атаны да қатты толғандырса керек.
«Дерсехан ұлы Богаш» әңгімесіндегі Дерсе ханның жары хан қызының бейнесі талай жанға үлгі боларлық. Баласы болмағандықтан, қара отауда отырып, қара қойдың етін жеп, құсаланып қайтқанда хан алдымен жарымен сырласады. Ханымының кеңесімен Дерсехан ала шатырын тіктіріп, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар...