Осакаров ауданының Молодежный кентін дамытуға 1,3 млрд теңге жұмсалады
![Осакаров ауданының Молодежный кентін дамытуға 1,3 млрд теңге жұмсалады](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/02/16/210216031744734e.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Осакаров ауданының Молодежный кентіне биыл 1,3 миллиард теңге жұмсалмақ. Қаражат «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бөлінді. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке ауданға жұмыс сапары барысында бюджет қаражатының нақты қайда жұмсалатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.