Махамбет- тәуелсіздік жаршысы
Жетекшісі: Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Амангельдина Қания
Махамбет – тәуелсіздік жаршысы.
Көшпенді халықтың хал-жағдайы көрсетілген, кезеңдік мәні бар ірі оқиғалар өз кезеңімен ғана шектеліп қоймайды, тек өз уақытында ғана тани қоюға келмейді. Ондай құбылыстардың түп тамыры тереңдге бойласа да, ғасырларды көктей өтіп, дәуірлермен үндесіп, астасып жатады. Бұл сөзіміздің жарқын айнасы ретінде махамбет Өтемісұлын айта аламыз.
Иә, Махамбеттей батырдың тал бойы мен тағдырында дәуірлер болмысы көрініс табады. Ірі тұлға 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасында, Нарын құмында дүниеге келеді. Найза ұстатып, жауға қоятын Кіші жүздің Беріш руынан тараған. Махамбеттің өзі “Өтемістен туған он едік ” деп жырлағандай, осы он ұлдың ішінен ерекшесі Махамбет болған. Оның бойына батырлық, ақындық, күйшілік,...