Ахмет Жұбановқа 115 жыл
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жетекшісі: Ф.Қозыбақова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнологич факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының тарихшысы Дайындаған: Ақерке Еркімбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті
"Музыка – адамзаттың әмбебап тілі" деп Г.Лонгфелло айтпақшы қазақ музыкасын шарықтау шегіне көтерген ұлы тұлғалардың бірі – Ахмет Жұбанов. Толық зерттелмеген қазақ музыкасын зерттеп, әйгілі дирижер, мықты композитор, өнертану ғылымының докторы, Қазақстанның халық әртісі, академик атанған Ахмет шығармашылығы мен еңбегі халық жадында. Биыл Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы. Ел есінде сақталған дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайлы тың деректер ұсынбақпын.
Ахмет салған сара жол Ахмет Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Өнерге деген махаббаты ерте оянған Ахмет алты жасынан домбыраның құлағында ойнай бастайды. Жеті жасында Уркачевск елді мекеніндегі екіжылдық училищеге оқуға түседі. Тұңғыш ұстазы Құсайын Әжіғалиев оған...