Ұлт перзенті Ғани Мұратбаевтың қазақ поэзиясындағы тұлғалық философиясы
Мақала Ғани Мұратбаевтың өмірбаянын ақындардың өлеңдері арқылы талдайды.
Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті. Сол Ғаниды біз білеміз бе? Әдебиет қойнауында Ғани жайлы не айтады?
1. Ғанидың шыққан тегі туралы ақындар...