Қазақ халқының танымындағы "қырық" санының қасиеті
"Әр сан өзіндік ерекшелікке ие". (с) Пифагор
Қазақ мәдениетінде 3, 7, 9 сияқты 40 саны да ерекше мәнге ие. Қазақ салт-дәстүріндегі қырық санының ерекше қуаты туралы Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» еңбегінде қырық күн, қырық санының қастерлі, киелі деп саналуы адам жаратылысымен байлыныстылығынан деп көрсетеді. «Бойға бала бітерде ештеңені артық кем жаратпаған Алла тағаланың құдіретімен бір тамшы ұрық суы қырық күнде қанға айналады, қаннан қырық күнде етке айналады. Тағы қырық күнде еттен сүйек пайда болады, одан қырық күн өткен соң ет пен сүйекке жан бітеді және қырық күн өткенде жан алғаш ет пен сүйек адам пішініне енеді. Содан кейін шақалаққа сезім жүйесінің пайда болуына қырық күн кетеді....