Қарағандыда журналистерге арналған «Әскери дискурс» екінші практикалық семинары өтіп жатыр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облысындағы «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне арналған «Әскери дискурс» атты екінші практикалық семинары басталды. Семинарға телеарналардан, республикалық газеттер мен ақпараттық агенттіктерден жалпы саны 40 журналист және блогерлер қатысты. Қазақстандық БАҚ өкілдері 21-23 тамыз аралығында полигон жағдайында үш күнін өткізеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.