Сарыағаштағы жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Сарыағаштағы жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асты. Бұл туралы Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті. «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ол ауданның алты айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына кеңінен тоқталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.