Татарстан мектептерінде қытай тілі оқытылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстандағы алты мектепте 1 қыркүйектен бастап қытай тілін оқытатын болады. Бұл қосымша сабақ түрінде эксперимент ретінде енгізіледі, деп мәлім етті Татарстан Білім және ғылым министрі Энгель Фаттахов.