Иранда Британия елшілігі қайта ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Иран астанасында өз елшілігін қайта ашты. Ол 2011 жылы көтерілісшілердің ғимаратқа, сонымен бірге Тегерандағы өзге де британиялық дипломаттық өкілдікке басып кіріп, кеңселерді қиратып, құжаттарды ұрлауына байланысты жабылған.