Шымкентте Конституция күніне орай БАҚ өкілдері арасында теннистен турнир өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте Конституция күніне орай БАҚ өкілдері арасында теннистен турнир өтеді. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында ұйымдастырылған брифингте Қазақстан Республикасы Теннис федерациясы Шымкент филиалының директоры Валерий Шайбаков пен Ұлттық теннис орталығының менеджері Гаухар Молдабекова хабарлады.