Петропавлда «Солтүстік үшін шайқас-1» ММА жекпе-жектерін Серік Сәпиев пен Александр Винокуров тамашалады (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ММА «Солтүстік үшін шайқас-1» атты аралас жекпе-жектер бойынша республикалық турнир өтті. Оған Қазақстанның солтүстік өңірінен 7 салмақ дәрежесі бойынша 50 мықты спортшысы қатысты. Олар: Щучинс, Көкшетау, Қостанай, Астана және Петропавл қалаларының үздік командаларының өкілдері.