Түркістан облысында қымбат көліктерді ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қымбат көліктерді ұрлап, оны еліміздің үш өңіріне сатып келген қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында төрт адамнан құралған топтың 5 көлікті ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.