Бір мұғалім көп класты оқыту жолдары
Комплекс жүйесімен оқытуда екі-үш класта сабақты қалай береміз? Бір класпен алданып жатқанда өзге класс бос қалмай ма деген сұрақ туады. Бұл мәселе жалаң комплекс жүйесінде емес, пән жүйесінде де мұғалімнің аяғын әнтек-тәнтек бастыратын, арсалаңдататын, дағдартатын мәселе болатын. Әсіресе, шалағай мұғалімдерді. Сондықтан бұл жөнінен азырақ айта кету керек.
Мейлі қай жүйемен оқытсын, бір мұғалім бірнеше класты оқытудың жолдары соңғы болады:
1. Өзге кластарда өздігінен істерлік жұмыс беріп қойып, бір класпен мұғалім бір сағаттай өзі шұғылдану бар.
2. Бір класпен бірнеше минут әңгімелесін, оған мәселе, не бір жұмыс беріп айналдырып қойын, екінші класқа көшіп, олармен біраз алданып, жұмыс тапсырып, үшінші класқа көшетін...