Ақтауда 3х3 форматында баскетболдан Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда AKTAU OPEN FEST-2015 аясында 3х3 форматында баскетболдан Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді. Биыл жарысқа барша Қазақстаннан 13 команда қатысады. Бұл туралы Маңғыстау облысы баскетбол федерациясының президенті Самсон Аракелян мәлімдеді.