Мамандар ауылдардағы 10 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес берді - ДСӘДМ
АСТАНА. Қ азАқпарат - 2015 жылғы 16 наурыз бен 24 тамыз аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 10 141 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.