Әл-Фараби және антика философиялық дәстүрінің маңызы
«Фараби- өмірін адамдарды біріктіруге арнаған адам. Ол мың жыл бұрын адамдар үшін өмір сүрген адам. Ол өз ісіне берілген , ақыл – ойға, білімге және танымға деген құштарлықтан басқа ештеңені де, ешкімді де мойындамаған адам. »
Әнуар Әлімжанов
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби шығармашылығын бүкіл әлем жоғары бағалайды. Толық аты-жөні Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлақ Тархан әл-Фараби ат-Түрки – ұлы ғалым, энциклопедист, ислам философиясының жарық жұлдызы, әлемдік философияның көрнекті өкілі. Әл-Фарабидің баға жетпес мұрасы Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің сабақтастығы мен өзара түсіністігінің лайықты белгісіне аналып отыр. Әл-Фараби есіміндегі «ат-Түрки» сөз тіркесі оның түркі екендігін аңғартады. Әл-Фараби шығармашылығы...