Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Апрель
2021

Махметғали Сарыбеков Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды

0

Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол аудан әкімі Сәкен Арубаевпен бірге мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген бірқатар құрылыс жұмыстарын көріп шықты, — деп жазды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. Алдымен хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арнап салынған Жамбыл ауылындағы […]

Сообщение Махметғали Сарыбеков Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол аудан әкімі Сәкен Арубаевпен бірге мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген бірқатар құрылыс жұмыстарын көріп шықты, — деп жазды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Алдымен хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арнап салынған Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебінің, мұнан соң Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы Өнер мектебінің, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің, «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығының, Қаракемер ауылындағы 90 орынды клубтың жай-күйін қарап, нысандардың мүмкіншілігімен етене танысты.

Бала болашағын қалыптастыратын мұндай нысандар заманауи қондырғылармен, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі керектігін, тәрбиеленушілердің өнерге, білімге деген ынтасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң Махметғали Нұрғалиұлы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы және жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесу өткізді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда Сәкен Қаланұлы ашып, аудан көлемінде байламын таппай жүрген бірқатар мәселелерді хатшының алдына ұсынды.

– Соңғы жылдары аудан көлемінде атқарылған жұмыстар аз емес. Мемлекеттік бағдарламалардың жақсылығын қараша халық көріп отыр. Биыл аудандағы елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту үлесін 71,4%-ға, ал «көгілдір отынды» 90%-ға жеткізу жоспарымызда бар. Осылайша 2025 жылға дейін аудан газбен де, тіршілік нәрімен де толықтай қамтылатын болады. Дегенмен, күрмеуі шешілмей отырған Шайқорық ауылы маңындағы зауыт қалдықтары мен Қостөбе ауылының батыс бөлігіндегі үлкен кәріз жүйесінің зардабын жергілікті тұрғындар тартып отыр. Халықтың базынасына айналған жайттарды республика көлемінде талқыға салуыңызды сұраймын. Бұдан бөлек, Аса ауылынан аспалы көпір мен Қаракемер ауылындағы спорт кешенінің құрылысын жүргізу жұмыстары тұралап қалған жайы бар. Осы тілегімізге назар аударсаңыз екен, – деген аудан басшысы ағымдағы жылы жүргізілетін құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева Шоқай ауылынан еңсе тіктейтін білім ордасының қаржысын облыстық басқармалар мақұлдамай отқанын жеткізсе, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлаубек Ережепбаев егістікке егінсу жеткізуге күш салған «Казсушар» РМК-ның жұмысына көңілі толмайтынын, атүсті сызылған сызбаның болашағына күмәнмен қарайтынын айтты.

Жиында сөз алған Махметғали Сарыбеков аудан тарапынан көтерілген сауалдарды түртіп алғанын, шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

– Халық қажетін өтеу – ортақ міндет. Кордаланған сауалдар өте орынды. Зерделеу жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Сондай-ақ халық қалаулыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында барша жұртшылықпен етене байланыс орнатып, әлеуметтік желіде белсенділік танытуға, халықты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге, олардың талап-тілегіне жедел жауап қатуға шақырамын, – деп жиынды қорытындылады.

Мәслихат хатшысының ауданға сапары барысында аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, тиісті ауылдық округ әкімдері мен сала басшылары бірге жүрді.

Сообщение Махметғали Сарыбеков Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Собянин рассказал о масштабной программе празднования Дня молодежи в Москве





Москва

Как выбрать лучший строительный субподряд


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Продукция компаний ОЭЗ «Технополис Москва» становится все популярнее — Собянин



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Рэпер ST

Свобода - не вседозволенность: Рэпер ST о самоцензуре и свободе слова




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Новичок ярославского «Локомотива» сыграет в гала-матче в Москве

«Объединяем Россию!». Как столица отметит День молодёжи

Детская зона «ЯРКО» – на Летней Спартакиаде «Газпром-Медиа Холдинга»


Уимблдон

Елена Рыбакина впервые в 2024 году сыграла на Уимблдоне



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Архангельск

Семейный пикник «Родные - любимые» пройдет в Поморье в третий раз



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России